Bugin
ҚР Президенті Әкімшілігінің азаматтарды қабылдау комиссиясы YouTube-каналын ашты
Арнаны елімізге белгілі заңгер Абзал Құспан таныстырды.
- Бұл жобаның идеясы қайдан шықты? Биылғы тамыз айында ҚР Президенті жанынан Аида Балаеваның жетекшілік етуімен ҚР Жоғарғы сотының, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, басқа да ведомстволардың қатысуымен азаматтарды қабылдау қоғамдық комиссиясы құрылған болатын. Бұл қоғамдық комиссияға азаматтар республиканың түкпір-түкпірінен өз арыз-шағымын айтып келеді. Нақты жеке қабылдау барысында олардың проблемалары аталған тұлғалар мен облыс әкімдері, өңір басшыларының селекторлық кеңесі арқылы шешіліп отырады, - деді заңгер комиссияның YouTube арнасында.