Саясат

Елорда жарықсыз қалды: Тоқаев Үкіметке тапсырма берді

Президент тапсырмасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Левобережная" қосалқы станциясының кабель каналынан өрт шығып, елорда орталығындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар жарықсыз қалған еді. Осы жағдайға байланысты Тоқаев Үкіметке тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Оған вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті.