Саясат

Қазақстанда су арзандады

Еліміздің бірқатар өңірінде су арзандады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандықтар ыстық суға былтырғыдан 7%, суық суға 8% аз төлеп отыр.

Табиғи көздерден алынатын су мөлшерінің 5%-ға артқанының арқасында ауызсумен қамту 7%-ға, тұрмыстық сумен қамтамасыз ету 5%-ға өскен. 

«2019 жылдың 9 айында табиғи көздерден алынған су көлемі 2,2 млрд текше метр болған. Оның 60%-дан астамы тұрмыстық мақсатқа жарамды су. Ал ауызсу көлемі  – 869,6 млн текше метр. Қазан айында тарифтер қыркүйектегі деңгейде қалды. Тек ыстық су 0,1% арзандаған. Ал өткен жылмен салыстырсақ ыстық су тарифі 9 айда 6,9%-ға төмендеген. Тарфитің құлдырауы Ақтөбеде тіркелді. Мұнда ыстық су 28,5%-ға арзандап,  әр текше метрі 180,3 теңге болып тұр. Ал ең қымбат тариф Алматыға тиесілі. Мұнда бір текше метр ыстық судың құны 394,2 теңге», – делінген сайттың материалында. 

Ал суық су Тараз қаласында айтарлықтай арзандады. Бір текше метр суық судың құны бұл қалада 47,3 теңге. Ең қымбат тариф Ақтау, Атырау, Қарғанды қалаларында тіркелді. 

inbusiness.kz