Саясат

Шешенстан полициясының бұрынғы басшысы Қазақстанда соққыға жығылды: Полиция түсініктеме берді

Астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа байланысты қиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі "Шешенстан полициясының бұрынғы басшысы Қазақстанда соққыға жығылды" деген ақпараттың жалған екенін айтты.

Осыған дейін әлеуметтік желіде видео тараған. Ресейлік сайттардың бірі видеодағы адамның Шешенстан полициясының экс-басшысы Аюб Катаев екенін хабарлап, оның соққыға жығылғанын айтқан.

Астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекованың айтуынша, ресейлік портал таратқан мәлімет шындыққа жанаспайды.

"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұзақылық әрекет 4 қараша күні болғанын хабарлайды. Елордалық дәмханалардың біріндегі төбелес бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Тіркелген фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді ол.

Сонымен қатар София Қылышбекова болған жағдайды түсіндірді.

"Полиция 33 жастағы ер адамның 41 жастағы жергілікті тұрғынмен сөзге келіп, оны бетінен ұрып жібергенін анықтады. Екеуі де Қазақстан азаматтары. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған", - дейді баспасөз жетекшісі.

Сонымен қатар ол полицейлер оқиғаға қатысы бар тағы бір адамды іздеп жатқанын атап өтті.

"Шұғыл-іздестіру шарасы жүріп жатыр. Бұзақылық әрекет барысында оның қолында тапаншаға ұқсас зат болған. Оның әрекетіне құқықтық баға ұсталған соң беріледі", - деді София Қылышбекова.