Саясат

Боливия жұрты президенттің отставкаға кетуін тойлатып жатыр

Мерекеге полиция қызметкерлері де қосылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Боливия тұрғындары президент Эво Моралестің отставка кетуін атап өту үшін көшеге шықты. Жұрттың қуанып, тойлатып жатқан видеосы Twitter-дің Conflicts News Worldwide аккаунтында жарияланды.

Бұл кадрлардан адамдардың қалай ән шырқап, ұран айтып, жалау желбіретіп жүргенін көруге болады. Көшеде оркестр ойнап, үрмелі аспап ұстаған адамдар да көп жүр. 

Мерекеге полиция қызметкерлері де қосылды.

Кеше кешке Эво Моралес отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұған дейін елдің Қарулы Күштерінің қолбасшысы Президентті орнынан кетуге шақырған болатын.

20 қазанда Боливияда президент сайлауы өтті. Моралес өзінің жеңісін жариялады, бірақ оның қарсыласы экс-президент Карлос Меса сайлау нәтижелерін мойындамады. Осыдан кейін елде тәртіпсіздіктер басталды. Моралес оппозицияны және шет елдерді билікті басып алуға тырысуда деп айыптады.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61