Woman
Өлең
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАрмандаймын,
Анамын көпбалалы, арланбаймын.
Жаным бай
Жырдан қанат жайғандаймын.
Жыламаймын,
Болса-дағы шешілмес мың сан қайғым.
Жыра болсын, ор болсын айналамда
Мықтымын мен
Енді еш құламаймын!
Мен Баймын!
Байлық менің балаларым.
Үйсіз жүрген қазақтын қатарымын
Мейлі, өзімді сорлы ғып санамаймын.
Мен биікпін
Демеймін аласамын,
Төрт құбыласы теңдермен жарысамын.
Қол жайып,
Жартқанға тілек айтып,
Елен-алаң таңменен таласамын.
Ғайыптан бір тілегім орындалып,
Баспаналы болсам деп бал ашамын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61