Weekend

Сезім – деген

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сезім – деген азап толы қап екен,

Арқалаудан басқа ештеңе білмеп ем.

Жүк түсіріп. Жүрегімді бұғаулап,

Жөнсіз босқа көтерумен келем мен...


Сезім – деген жалындаған от екен,

Күйдіруден басқа ештеңе білмеген.

Ойлаймын мен кей кездері сезімді,

Құдай бізге жаза үшін жіберген...


Сезім – деген қанқұйлы соғыс екен,

Күресуден басқа ештеңе көрмеп ем.

Жанарыңнан тайқыса сүйген кісің,

Сүйкімсіздеу көрінер өмір деген...

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61