Bugin
Отырысқа дайындық
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Елбасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, әңгімелесу барысында Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткізуге дайындық барысын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.