Weekend
Сыртына қарап затты бағалама
Ұлыбритания тұрғыны барахолкада Қытай вазасын сатып алып, оны аукционда 380 мың фунт стерлингке (150 миллион теңге) сатқан, деп жазады Daily Mail.
Атын айтпаған ағылшын азаматы сары кестелі вазаны бір фунт стерлингке (500 теңгеге жуық) сатып алған екен. Бірақ вазаның қаншалықты құнды екендігін басында түсіне қоймаған сыңайлы. Кейін eBay-ге қойып, вазаны сатпақ болғанда ғана түсінсе керек. Өйткені сатып алушылар оған қымбат баға ұсына бастаған.
Содан кейін ол сату туралы хабарландыруды алып тастап, вазаны Sworders Fine Art Auctioneers аукциондық үйінің бағалаушыларына апарған. Мамандар затты қарап шығып, оны 1735 жылдан 1796 жылға дейін басқарған Цин әулетінің Қытай императоры Цяньлун үшін жасап шығарылғанын айтты.
- Базаның тарихы туралы айтқан едік, оны әкелген адам қатты таңқалды әрі қуанды, - деп атап өтті антиквар Есюэ Ли.
Вазаны аукционға қойылған. Бағалаушылар оны 80 мың фунт стерлингке (33 миллион тг) сатуға болады деп ойлады, алайда Қытайдан ұсыныс түсіп, сатып алушы бағалы лот үшін бес есе көп ақша ұсынған.