Саясат
Заңнама
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев білім бағдарламалары мен оқыту деңгейі заман талабына сай келмейтін жоғары оқу орындарының лицензияларын өздігінен қайтарып алу мәселесінде министрлікті қолдады және аталған мәселе бойынша заңнамалық деңгейде тиісті нормативтік-құқықтық база әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар Президент министрлікке 12 жылдық оқу мерзіміне қажетті инфрақұрылымды, бағдарламалар мен жалпы білім жүйесін дайындауға басымдық бере отырып, жүйелі түрде, асықпай көшу керектігі жөнінде тапсырма берді.