Саясат

Назарбаев қос Кореяны татуластырмақ

БҰҰ да атсалысуы керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласында өткен Astana Club отырысында қос Кореяны татуластырудың жөнін айтты. Яғни, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяны татуластыруға болатын орын ретінде көрсетті.

- Кәріс түбегіндегі дау-жанжалды шешудің бір жолын ғана көріп отырмын. Ол – БҰҰ жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қауіпсіздік шараларын жасап ұсынуы. Сонда Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламаға қол қойдырып, ядролық қарудан бас тартуға көндіруге болады, - деді Назарабев отырыста.

Одан бөлек, Назарбаев Пхеньян мен Сеулдің татуластыру үшін кеңесетін орын беру керектігін атап өтті.

- Мұндай мәселелерді Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесте талқылауды ұсынамын, - деді Назарбаев.

Айта кеткен жөн, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің қазіргі төрағасы – Тәжікстан елі. Ол 2020 жылға дейін төрағалық етпек.

Tengrinews.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61