Саясат
Маңызды оқиға екендігін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Боливия басшысының отставкаға кетуі – батыс жарты шардағы демократия үшін маңызды оқиға екендігін мәлімдеді. Трамптың үндеуі Ақ үйдің сайтында жарияланды.
- Боливия халқының бостандыққа ұмтылғандығы үшін, ал Боливия әскері тек бір адамды ғана емес, Боливия Конституциясын қорғауға берген антын орындағаны үшін АҚШ разы, - деді Америка басшысы.
АҚШ президенті Әлемнің еркін, демократиялық және өркендеген Батыс жарты шарына бір қадам жақындай түскендігін қосты.
Бұған дейін Мемлекеттік Думаның сыртқы істер жөніндегі орынбасары Алексей Чепа Моралестің отставкаға кетуі АҚШ ұйымдастырған төңкерістің нәтижесі деп айтқан болатын. Оның пікірінше, бұған мемлекет қайраткерлерінің орнынан кету толқыны дәлел.
Айта кеткен жөн, Боливия халқы жаппай наразылыққа шығып, қазіргі президиенті Эво Моралес отставкаға кетті.