Саясат

Назарбаев: Зеленский Путинмен кездесуге келісіп отыр

Елбасының ұсынысы - Қазақстан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украина басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің арасындағы келіссөздерді Қазақстанда жүргізуді ұсынды.

- Мен Зеленский мырзамен кездестім, оны тыңдадым. Кеше ғана мен Владимир Путинмен осы мәселені әрі қарай қалай шешу керектігі туралы сөйлестім (Донбастағы қақтығыс. - ред.). <...> Менің ойымша, Ресей мен Украина президенттерінің жеке кездесуі керек, - деді  ол «Астана» клубының пікірсайыс алаңындағы кездесуде.

Назарбаевтың сөзіне қарағанда, Украина басшысы «бейтарап жерде» кездесуге келісмін беріп қойған.

- Меніңше, бұл өте ұтымды сәт. Зеленский халықтың қолдауына ие болды. Енді ол өз еркімен бұл мәселені шеше алады, - деп түйіндеді Назарбаев.

Мәскеу мен Киевтің қарым-қатынасы тұрақсыз болып тұр. Украина Ресейді бес жылдан астам уақыттан бері жалғасып келе жатқан елдің оңтүстік-шығысындағы азаматтық қақтығыстарға қатысты деп айыптап отыр. Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығарып, олар негізсіз және қабылданбайды деп сендіреді.

Қазақстан қазірдің өзінде көпжақты келіссөздерді өткізді. Соның бір мысалы - 2017 жылы Сириядағы келіссөздер туралы кездесу.