Саясат

Газа секторынан 50-ге жуық зымыран Израильге қарай атылды

Израиль қарулы күштері әл-Аттаны жою операциясы «хирургиялық дәлдікпен» жүргізілді дейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Израиль бұл шабуылдардың себебін палестиналық «Исламдық джихад» тобының бас қолбасшысының жойылғандығымен байланысты деп санайды.

12 қарашада Израильге Газа секторынан, шамамен, 50 ракета атылды. Зымырандардың бірі тұрғын ғимаратқа тисе, ал 20 шақты снаряд «Темір күмбез» жүйесімен соғылды. Бұл туралы Израиль қарулы күштері Twitter-де жазды. Зымырандар Израильдің орталық және оңтүстік қалаларына қарай жіберілген.

Олар бұл шабуылға «Исламдық джихад» әскерилендірілген тобының жауынгерлері қатысты деп болжайды, себебі олардың көшбасшысы Баку Абу әл-Атта бүгін Израиль тарапынан жіберілген зымырандық шабуыл салдарынан қаза тапқан болатын.