Weekend
Өлең
Сенесің бе мен сені сағынамын,
Оранып ап жүремін сағымға мың.
Сұрауы көп, жауабы жоқ сан сұрақ,
Ой санамды торлап қойды тұмшалап.
Орынсыз ба, орынды ма - белгісіз,
Сенсіз өткен апта, айда еш мәнсіз.
Тағатым да таусылуға сәл қалды,
Суреттерің енді жылу бергісіз.
Қазір менде өмір мүлде сүреңсіз,
Таң атпайды, күн батпайды ретсіз.
Міне, тағы отырмын өлең жазып,
Ақ параққа қаламмен шимай салып.
Сенің фотаң дәл қазір алдымда тұр,
Телефоннан шығардай ырғып атып...