Weekend

Тиын мен қоян

Жан-жануарлар жайлы ертегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тиын мен қоян дос болыпты. Екеуі көрші тұрыпты. Енді, міне, жаз өтіп күз келеді. Тиын мен қоян су алуға бара жатып бір алмұрт ағашын көреді. Тиын дереу алмұрт ағашының басына шығып, алмұрттарды қоянға береді.

Қоян он бес алмұртты жерге қояды. Тиын жерге түсіп екеуі енді бөлісуге кіріседі. Бір кезде жеті-жетіден бөліп алып, біреуін енді қалай бөлерін білмей отырады. Бір кезде қастарынан кірпі өтіп бара жатып:

- Менің балам қарны ашып ауырып қалды, мен азық іздеп барам, - деп жылап жібереді.

Тиын мен қоян үйлеріне бес-бес алмұрттан алып, ал кірпіге бес алмұртты алып барады. Кірпі қатты қуанып қалады. Бес алмұртты кірпі баласы жеп, күлімсіреп ойнақтайды. Кірпі рахмет айтып шығарып салады. 

Кірпі үйінен қайтып келе жатып, тиын мен қоян бұл істеген жақсылығымызды кірпі ешқашан ұмытпайды, біз дұрыс жақсы іс жасадық деп екеуі үйлеріне мәз болып қайтады.