Weekend

Еркебек балақай

Авторлық ертегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ерте, ерте, ертеде бір сүйкімді, ақылды Еркебек деген балақай болыпты. Бір күні әке-шешесі:

- Еркебек біз келгенше, сен үйде бол, еш жерге шығып кетпе, - деп қонаққа кетеді.

- Жарайды, - деп Еркебек қалады.

Әке-шешесі кешіккен соң, Еркебек іздеуге  шығады. Дала қараңғы еді, Еркебек байқаусызда бір шұңқырға түсіп кетеді. Еркебектің артынан иті де, мысығы да еріп шыққан еді. Орман ауылға жақын еді. Орманның шетінде жүрген түлкі Еркебектің даусы шыққан жаққа жүгірді.

- Ойбай, мынау аю ма әлде қасқыр ма? Аман-сауымда кетейін бұл жерден, - деп түлкі қашып кетеді алайда.

Ал мысық пен ит Еркебекке көмектесіп шұнқырдан шығарып алды. Үшеуі үйіне қайтты. Үйінде әке-шешесі келіп, Еркебек деп іздеп жатыр еді, көріп қуанып кетті.

 - Әкешім, анашым бұдан былай сіздердің айтқандарынызды істеймін, - деп Еркебек уәде береді.

Тасходжаева Жұмакүл Бекташқызы