Саясат

Путин Назарбаевтың ұсынысынан бас тартты

Екеуара мәселе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше астанада өткен «Астана клубы» отырысында Украина мен Ресейді татуластырғысы келетінін, сондықтан Владимир Зеленский мен Владимир Путинді кездесу өткізуге Қазақстанға шақырған болатын.

Алайда Кремль билігі Елбасының бұл ұсынысынан бас тартып отыр. Мұны «Коммерсант» басылымы хабарлады.     

- Қазақстанның бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ұсынысына құрметпен қараймыз. Путин мырза да мұндай кездесуден бас тартпақ емес. Алайда оған жіті дайындалу керек. Оның үстіне, Киев келіссөз жасауға ниет танытпай, екі жақтың мәселесін реттеу мүмкін емес, - деп мәлімдеді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Кремльдің ресми өкілінің айтуынша, қазір Путин «норман төрттігіне» (Ресей, Украина, Франция мен Германия) ұқсас саммит өткізуге дайындалып жатыр. Ал бұл саммитті өткізу үшін украин билігі Минск келісімшартында көрсетілген міндеттерін орындауы тиіс. Сонда ғана екі елдің басшысы бір үстелдің басына жиналып, қалған шаруаны ақылдасатын болады.

Айта кеткен жөн, қазір Украина Минск келісімшартын толық орындауға барынша тырысып жатыр. Мәселен, 29 қазан күні Луганск облысындағы әскерін алып кеткен еді. Енді Донецк облысындағы әскері қалды. Оны украин билігі Парижде қараша айының соңында өтетін «норман төрттігі» саммитіне дейін алып кетуі тиіс.