Саясат
Анкара келісе ме?
АҚШ президенті Дональд Трамп "Егер Түркия АҚШ-пен 100 млрд долларға тең сауда келісімін жасауға келіссе, онда оған Ресейдің зенит жүйесін сатып алғаны үшін салған санкцияны алып тастаймыз" деп мәлімдеді. Бұл туралы The Washington Post жазады.
Басылым екі елдің арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың жолын ұсынған ұсыныстың Трамптың өткен аптада Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанға жіберген хатынта көрсетілгенін айтады.
Бұл ұсынысқа келіскен жағдайда Анкара Сириядағы өз саясатын қайта қарастыруға, сондай-ақ С-400 жөніндегі мәселені АҚШ пайдасына шешуге тиіс болады.