Саясат
Марк Эспер мәлімдемесі
Ресей мен Қытай - АҚШ қауіпсіздігіне ең қауіпті елдер, деп мәлімдеді Пентагонның басшысы Марк Эспер.
- АҚШ-тың Ұлттық қорғаныс стратегиясы ұлы державалардың бәсекелестігін қайтаруға негізделеді, - делінген хабарламада.
Оның айтуынша, әскери әлеуетті арттырып жатқан Қытай Ресейге қарағанда әлдеқайда қауіпті. Ал АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің барлау басқармасының директоры, генерал-лейтенант Роберт Эшли Ресей АҚШ-қа уақытша ғана қауіпті болса, Қытай біраз уақытқа дейін қауіпті болуы мүмкін деп мәлімдеген еді.
Оның пікірінше, егер бір елге "қысым көрсетілетін" болса, онда ол күтпеген түрде әрекет ете алады. Ресейде ядролық заряд қана бар, ал Қытайдың экономикасы қуатты.
- Қытайдың экономикасы көш бастап келеді, - деді генерал-лейтенант.
.