Саясат

Трамп: Қытай сауда келісіміне келмесе, тағы да салық саламыз!

АҚШ-Қытай арақатынасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Қытаймен сауда мәмілесін таяу уақытта жасауға үміттеніп отыр, деп мәлімдеді президент Дональд Трамп. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

- Мәміле жасалмайтын болса, онда баж салығын еріксіз көтереміз. Бұл қатты сезілетін болады, - деді Ақ үй басшысы. 

Сондай-ақ Трамп, бұл мәселенің АҚШ-қа "әділетсіздік танытқан" басқа елдерге де сабақ боларына сенімді. 

АҚШ пен Қытай 10-11 қазанда сауда келісіміне келген болатын. Алайда толық келісім жасау үшін мәселені кезең-кезеңімен қарап, келісім жасауға уағдаласқан еді.