Саясат

Білім вице-министрі қызметінен кетті

Сенатор Еділ Мамытбеков білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы отставкаға жіберуді талап еткен болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қызметінен кетті.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес, Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.

Айта кетейік, өткен аптада сенатор Еділ Мамытбеков плагиат дауына байланысты білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы отставкаға жіберуді талап еткен болатын. Сенатор бір айдан астам уақыт бойы отандық БАҚ пен шетелдік ұйымдар қазақстандық вице-министрдің плагиатын талқылап жатқанын алға тартты.

Оның айтуынша, қазір әлемде мойындалған екі антиплагиаттық жүйе шенеуніктің басқа біреудің ғылыми жұмысын пайдаланғанын растап отыр.

Мамытбеков үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында ғылыми қоғамды Қазақстанның беделін түсірген лауазымды тұлғаның масқарасынан құтқаруды талап етті. 

Осыдан кейін министрдің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан білім вице-министрі Фатима Жақыпованың қызметінен босатылатынын хабарлаған болатын.