Weekend

Қытайда тұратын әйелдің мұрнынан 20 жыл өскен тіс табылды

Дәрігерлер қатты таңқалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың Харбин қаласында тұратын азаматтың мұрнынан өсіп кеткен тіс табылды. Оны ол 20 жыл бойы байқамаған. Бұл туралы Daily Mail жазады.

Ер адам дәрігерлерге қараша айының басында жүгінген. Ол соңғы үш айда мұрны бітеліп, тынысы тарылып, ұйқысы қашқан көрінеді. Дәрігерлер флюороскопия жүргізіп, науқастың мұрын қуысында күдікті тромб тапты. Ол кәдімгі тіс болып шықты.

1999 жылы науқас он жаста болған кезде сауда орталығының үшінші қабатынан құлап, екі тісінен айырылған. Екі тістің біреуі сол мұрынға қарай өсіп кеткен көрінеді. 

Бір күн бұрын хирургтар оған жарты сағаттық операция жасап, мұрнынан бір сантиметрлік тісті алып тастаған. Қазір науқастың жағдайы әлдеқайда жақсы.