Экономика

Биыл жыл басынан бері Қазақстанда 760-тан астам компания банкрот болды

Қай сала бойынша ең көп?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 761 компания банкроттық жариялаған. Мұн Қазақстан ұлттық салық комитетінің деректерінен көруге болады.

Банкроттық туралы өтініш берген 761 компанияның біреуі ірі компания, жетеуі орта дәрежелі кәсіпорын, 753-і шағын кәсіпорындар болған.

Олардың ішінде, банкрот болған 295 компания көтерме және бөлшек саудамен айналысқан. 196-сы құрылыс саласына тиесілі. Өңдеу өнеркәсібі де тізімнен тыс қамаған, бұл сала бойынша 60 компания банкротқа ұшыраған. Тасымалдау және қойма саласы бойынша 37 компания банкрот болған. 34 ауылшаруашылық және орман шаруашылық  орындары банкроттыққа ұшыраған. Ал ғылым мен техника саласынан 30 компания банкрот болған.

Айта кетерлігі, 2019 жылы 71 тоқаш өнімдерін өндіретін орталық жұмысын тоқтатқан, олардың бесеуі Алматыда.

Дегенмен ұлттық салық комитеті көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жақсарғанын айтады. Өткен жылғы есеп бойынша, 2018 жылдың тоғыз айында 1213 компания банкрот болған, оның 3-і - ірі кәсіпорын, 10-ы - орта дәрежелі кәсіпорын және 1200-ы - шағын бизнес өкілдері.

Сонымен қатар, Ұлттық салық комитеті банкрот салдарынан төленбеген жалақы мөлшері өткен жылмен салыстырғанда жақсарғанын атап өтті. Биыл 118 адам толық жалақы ала алмаған. Былтыр дәл осындай іс бойынша 1024 адам шағымданған. Комитет компания басшылығы қызметкерлерге банкроттыққа дейінгі бір ай ішінде алдын-ала ескерту беруі керек деп атап өтті.

Еліміздің Кәсіпкерлік туралы Заңына сәйкес, жылдық кірісі 7,5 миллиард теңгеден асатындары ірі кәсіпорындар, 75 миллион теңгеден асатындары орташа кәсіпорындар, ал қалғаны шағын кәсіпорындар болып табылады.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61