Саясат

Шетелдік БАҚ: Өзбекстан Қазақстаннан асып барады

Өзбекстан даму жолында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Вашингтонда шығатын Diplomat газеті халықаралық Freedom House ұйымының деректеріне сүйене отырып, Қазақстанның ғаламтордағы сөз бостандығы «нашарлап» кеткенін жазады. Басылым Қазақстанды ғаламтор еркіндігін тұншықтырған, өте нашарлатып жіберген ел ретінде сипаттайды.

Ал Қазақстандағы ғаламдар еркіндігінің «қиындауына» Назарбаевтың отставкаға кеткеннен кейін наразылық пен протесттің көбеюі себеп болды, қазақ билігі былтыр да, биыл да әлеуметтік желілер мен кейбір сайттарды бұғаттаумен болды, деп жазады басылым.

- Қазақстан мен Өзбекстанды алып қарар болсақ, Өзбекстандағы ғаламтор біршама еркіндігі кеңейіп, даму жолына түскенін аңғаруға болады. Ташкент билігі бұған дейін құлыптап жүрген сайттарын босатып, ғаламтор еркіндігін либералдандыра бастады. Бірақ ғаламтордың бәрібір де биліктің бақылауында екенін айта кеткен жөн, - деп жазады басылым.

- Салыстырмалы түрде алсақ, Өзбекстандағы динамика позитивті күйде, ал Қазақстандағы жағдай негативті. Қазіргі Өзбекстан – бұл реформа мен ашық әлемге ұмтылу. Өзбекстанның даму жолына түсуі құрметке лайық. Артта қалған, дамуы көңіл көншітпейтін салаларын реттеуге тырысуда. Бір жағынан, Өзбекстан Қазақстаннан үлгі алып, даму жолына түсті десек болады, - деп пікір білдіреді басылым.

Басылымның жазуынша, Өзбекстандағы ғаламтордың бағасы Қазақстанға қарағанда арзан. Егер азаматтарының орташа табысы 470 доллар болатын Қазақстандағы ғаламтордың айлық бағасы $9 болса, Өзбекстанда шамамен $3 доллар.

- Бұл жағынан Қазақстандағы ғаламтор Өзбекстанға қарағанда әлдеқалай қолжетімді. Алайда бұл Өзбекстандағы ғаламтор еркіндігіне зиянын тигізіп отырған жоқ, - деп жазады Diplomat.