Weekend

14 қараша күнгі кинопремьералар

Бүгіннен бастап Кристиан Бэйл мен Мэтт Дэймонның және Хелен Миррен мен Иэн Маккелленнің дуэтін көреміз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сонымен қатар жаңа құраммен оралған Чарлидің періштелері және жапондар мен америкалықтардың михаттағы тарихи шайқасы назарға ұсынылды.

«Форд Феррариге қарсы» Ford против Ferrari» / «Ford v Ferrari») [16+]: Оқиғасы өмірден алынған Джеймс Мэнголдтың спорт драмасы. Басты рөлдерде - Кристиан Бэйл мен Мэтт Дэймон.

Сюжетте америкалық инженерлер мен дизайнерлер тобы туралы айтылады. 1960 жылдары конструктор Кэрролл Шелбидің жетекшілігімен және британ шабандозы Кен Майлстың қолдауымен мүлдем жаңа спорткар жасалуы тиіс еді. Олардың мақсаты - әлі жеңіліс көрмеген Ферраридің басып озу.

«Чарлидің періштелері» («Ангелы Чарли» / «Charlie's Angels») [16+]: Сұлу шпиондар туралы франшизаның жаңа фильмі. Жобаға Элизабет Бэнкс жетекшілік етіп, басты рөлдерде Кристен Стюарт, Наоми Скотт, Элла Балинска ойнады.

Фильмде әскери зертханаға әлдекімдер басып кіріп, электр толқынын қауіпті зарядқа айналдыратын аппаратты алып кетеді. Қару саудасымен айналысатын гангстер күдікке ілінеді. Оның күшті қорғалған қамалына кіру үшін жас қыздар іріктеледі.

«Мидуэй» («Midway») [16+]: Роланд Эммерихтің тарихи экшн-драмасы. Актерлік құрамда Эд Скрейн, Патрик Уилсон, Вуди Харрельсон, Люк Эванс, Деннис Куэйд, Аарон Экхарт секілді жұлдыздар бар.

100 миллион долларлық жоба Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған. Тынық мұхитында болған ең ірі теңіз шайқастарының бірі туралы хикая. 1942 жылы маусымда адмирал Честер Нимиц басқарған америкалық флот Мидуэй атоллының маңында жапон әскерімен соғысып, маңызы зор жеңіске жеткен еді.

«Жақсы өтірікші» («Хороший лжец» / «The Good Liar») [18+]: «Оскарлы» Билл Кондон түсірген детектив. Ардагер актерлер Хелен Миррен мен Иэн Маккеллен басты рөлдерде ойнаған.

Сюжетте Рой есімді алаяқ туралы айтылады. Ол интернет арқылы Бетти деген ауқатты жесір әйелмен танысады. Рой оның байлығын иемдену туралы арам пиғылына қол жеткізеді, бірақ әйелге деген сезімі оянғанын да түсінеді.

Сонымен қатар «Стражи Арктики» («Arctic Justice») деген мультфильм мен «Верность» атты ресейлік драма прокатқа шықты.