Weekend

Афро-америкалықтар неге комплекссіз келеді?

Егер афро-америкалықтармен танысып, араласып жатсаңыз, айтатын сөзіңізге, әзіліңізге абай болыңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Афроамерикалықтар комплекссіз келеді». АҚШ-та танысқан достарымның көп бөлігі осы пікірмен келіседі. Расында, мен де. Себебі тек афро-америкалықтармен 2 минут сөйлесіп, bro (brother – бауыр, іні, аға) болып кете аласың. Өзге америкалықтар алғаш танысқан кезде қашықтықтан араласады.

Олар әдетте, ашық, әңгімеге жақын, бірақ төбелесуге де жақын, ұрысқақ, тез ашуланшақ болып келеді. Мысалы, Нью-Йорк метросында артымнан бір афро-америкалық айқаймен келіп, «жолымнан кет» деп, жолдан итеріп жіберді. Өзімен-өзі боқтап сөйлеп өтіп бара жатқан «нервный» bro-ға ештеңе айтпай-ақ қойдым. Себебі онымен ерегіссең, олар өзіне жауап бере алмай қалады. Суық қаруы болса, сұғып жіберуі бек мүмкін.

Сосын, Бруклиндегі мен тұратын жақта бір дүкенде үнемі кезіктіретін бір таныс bro болатын. Оның үнемі амандасып, жиі қысқа әңгіме құратынмын. Бір күні сөз барысында, ол менің сырт киіміме қарап, Қытайдың тренді ме деп сұрап, күлді. Мен әзілге-әзіл ретінде «кроссовкің нашар екен» дедім, күліп. Оның сол кезде түрінің өзгеріп кеткенін елестете алмайсыз.

Содан түсінгенім, афро-америкалықтардың менталитетінде киімге, брендке аса мән береді. Оларға «кроссовкің нашар екен» тіркесінен «mother*cker» деген боқ сөзді қабылдау жеңілірек. Себебі олар екі сөзінде бір боқтай сөз қолданады.

Егер афро-америкалықтармен танысып, араласып жатсаңыз, айтатын сөзіңізге, әзіліңізге байқаңыз.