Weekend

Ата-ана жасөспірімнің несіне мән беруі керек?

Ескеру керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ата-ана баланың мыналарын  қадағалауы қажет:

– жасөспірімнің дұрыс тамақтануын;

– күн тәртібін сақтауын (ұйқы тәулігіне 10 сағаттан кем емес);

– таза ауада көбірек уақыт өткізуін;

– ұдайы физикалық жаттығулар жасауын және спортпен шұғылдана бастауын (егер бұрын шұғылданбаса).

Есіңізде болсын, ешқандай жағдайда жасөспірімнің сыртқы келбетіне қатысты уайымдары туралы әңгімеден қашуға болмайды. Дене сұлулығы, физикалық тартымдылық (немесе керісінше, ұсқынсыздық, сүйкімсіздік) туралы әңгімелер  – есейіп келе жатқан баланың жүрегіне ең қысқа жол.

Оны тыныштандыру, жарқын көзқарас қалыптастыру үшін уақыт пен сенімді сөздер табыңыз. Сіздің айтқан сөздеріңіз оның өзін-өзін бағалауын – жаман да, жақсы да бағалауын арттыруы мүмкін. Кейде ата-ананың ойланбай айтылған сөзі өмір бойы ұмытылмайды.