Woman
Қыздарға кеңес
Картоп езбесін дайындау үшін құрамында крахмалы көп картоп сортын пайдаланған қолайлы. Үлкендігі бірдей түйнектерді қабығымен пісіреді.
Піспе суын құйып алып, картопты құрғатады және ыстықтай күйінде үккіш машинада үгеді. 80°С температурасы бар ыстық картопта крахмал клейсетрі болады. Ол клеткаларға (жасушаға) серпімділік қасиет беріп, үккенде жасуша қабығы жыртылмайды, яғни жасуша формасын немесе тұтастығын сақтайды. Ал салқындатылған картопта жасуша қабықшасы сынғыш келеді, серпімділік жоқ, үккенде жасуша қабықшасы ыдырайды да одан клейстер ағып кетеді. Сондықтан езбе желімді, жабысқақ, созылмалы болып келеді. Бұл оның дәмін, сыртқы түрін бұзады.
Үгілген картоп езбесіне тортасы айырылған сары май не маргарин қосады, қыздырады. Үздіксіз араластыра отырып, ыстық, қайнаған сүт құяды және масса үлпілдек болғанша көпіршіктендіреді.
Дастарқанға қоятын кезде картоп езбесін тәрелкеге салып, үстіне қасықпен өрнек салады да сары май қосады, көк себеді. Езбені шала қуырылған пиязбен, не пісірілген әрі туралған жұмыртқамен (сары май қосып араластырылған) беруге болады. Картоп езбесі ет және балық тағамдарына гарнир ретінде жиі қосып беріледі.
1 келі картоп езбесіне пайдаланылатын өнімдер мөлшері (нормасы): қабығы тазартылған картоп 855 г, сары май 35 г, сүт 150 г.