Bugin

Мектепті ұзақ басқарған директорлар ауыстырылуы мүмкін

Сыбайластық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен 15-20 жыл бір лауазымда отыратын мектеп директорлары туралы айтып берді.

- Қазір арнайы мониторинг жүргізіп жатырмыз. Онда мектеп басшыларының көпшілігінің 5 жылдан артық бір қызметте отырғанын анықтадық. Кейбірі 15, 17, 20 жыл бойы қызмет ауыстырмаған. Бір мекеменің басшылық қызметінде ұзақ жұмыс істеуі бейресми байланыстардың нығайтып, басшының белсенділігін төмендетіп, сыбайластық сын-қатер қаупін тудырады, - деді Б. Мәкен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен қала әкімі Алтай Көлгіновтің кездесуінде.

Осыған байланысты, әкім орынбасары мектеп директорларын ауыстыруды ұсынды.

- Мемлекеттік қызметтегі оң тәжірибесі бойынша, қала басшылығына жалпы білім беретін мекемелердің басшыларына пилоттық ротация жүргізу ұсынылды, - деді әкім орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін Бақтияр Мәкен мектепте демалу бөлмесін жасап алған директорларды сынға алдыы.

ҚазАқпарат