Bugin

Елбасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорын қабылдады

Мерейтой

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады. Мұны Елбасы сайты хабарлады. 

Кездесу барысында Елбасы жоғары оқу орнын одан әрі дамытудың және халықаралық беделін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

- Университеттің беделін көтеру маңызды. Алдымызда жоғары оқу орнын зерттеу орталығына айналдыру мақсаты тұр. Білім сапасы мен профессорлық- оқытушылық құрамды дайындау деңгейін арттыруға назар аудару керек. Білім алушылардың жағдайын жақсарту үшін студенттік жатақханалар салу жөнінде тапсырмалар берілді, - деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Сондай-ақ, әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған шаралардың дайындығы жөнінде мәлімет берілді.