Спорт

Жапон футболшылары қырғыздарды сүйсіндірді

Жапония мен Қырғызстан арасындағы кездесу өтпек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапонияның футбол ұлттық құрамасы Бішкекте орналасқан "Дордой" стадионында екі ел арасындағы ойынға дайындық жүргізуде. Дайындықтан кейін тазалық сақтау жапон футболшылары үшін аса маңызды. 

Сол себепті де олар аяқ киімдерін щеткамен тазалап, киім ауыстыратын бөлмеге жалаң аяқ кіріп жүр. Тіпті бөлме тазалаушы жапон футболшыларының киім ауыстыру бөлмесінен қоқыс таппай, екі мәрте кері қайтқан. 

Осылайша жапондар әлемді тағы өз тазалықтарымен сүйсінтті. Қырғыз халқы жапондардың бұл ісіне сүйсініп, әлеуметтік желіде жарыса жазуда.