Woman

Күйеуге шығудың лайфхактары

Сергелдеңге түскен арулар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі қоғамда күйеуге шыға алмай жүрген немесе алданып аяғы ауырлап қалған бойжеткендерімізді көптеп кездестіреміз. Менің бүгінгі айтқым келіп отырған тақырыбым тікелей қыздардың тұрмыс құру үшін істейтін айла-əрекеті десем, артық кетпейтін шығармын. Бұл қандай айла əрекеттер деп ойлап отырған шығар, ерлер қауымы. 

Бұл жайлы көсіле жазуға əбден болады. Сол айланың бірінші түрі - ер адамды еліктіру, көзіне түсу, дене бітімін жинақы, модель параметрелеріне сай жасау (пластикалық ота артық кету енді) немесе диета ( herbalife daigo) т.б. тамақтану тəртібіне көшу. Иә мүмкін, əдемілік біраз уақыт адамды өзіне баурайтын шығар, ал іші шіріп жатқан адаммен өмір сүру қызықсыз. Ондай қыздар іскерлік кездесулерде жансыз қуыршағың ретінде алып бару үшін немесе қалталы достары алдында мақтану үшін қажет. 

Табиғатынан сұлу қыздар баршылық. Бұлар сөзсіз фавориттер, əрине. Шынайы бейне.

Екінші бір айла - ол жігіт ауқатты отбасынан болса, ақсүйектер ортасына келін болғысы келіп жүрген қыздардың жалдамалы көлік алып, өз айналасында бұрыннан майшабақта жүрген қыздармен араласу. Секонд хенд немесе бутиктерден италияндық киімдердің жасанды фейк түрін сатып алып, қымбат кофеханаларға, ресторандарға бару. Мұндай қымбат жерде еркетотай, ақшасы бар ауқатты отбасынан шыққан адамдар жігіттер көптеп келетіні анық. Бұл айланың іске асатыны анық, себебі бай-байға құяды, кедей-сайға құяды деген сөз бар емес пе. 

Мұндай жалған ойынды айыру үшін жігіт біраз уақытын жоғалтып алғанша, қыз діттеген мақсатына да жетіп қалар. Енді бір мəселе: ол - мінездегі, тəрбиедегі жасандылық. Бұл қалай деп отырған шығарсыз?! Хмм... Ондай қыздар қасымда көп жүреді. Мысалы, жігіт көзінше майысу, даусын көтермей сөйлеу, қазақи салт-дəстүрлерді білетін кейіп таныту. Ал кешке сол қыздардың басқалармен жарыса сөйлеп, дарақылана күліп, клубта темекі мен пивоны сіміргенін айтпай-ақ қояйық.

Енді осы этаптардан өтіп өз мақсатына жетейін деп қалған қыз оның туған-туыстарына ұнауы керек емес пе?! Жігітті өзіне толықтай ғашық ету үшін анасымен жақсы қарым-қатынаста болу. Бұл - шешуші соңғы кезең. Себебі ұнамаған қызды шешесі қайтсе де алдыртуы екіталай. Сол себептен жігітінің туған күнінде үйіне торт жіберу, болмаса, анасының туған күнінде телефон шалу сияқты тəсілдер. 

Осындай қиын емес рөлді ойнап шықса, жігіті ұсыныс жасап сырға салу рəсімі өтіп, үйленіп жатқан қыздар қаншама... Ал бір ай шамасы өткен соң үй шаруасына араласпай түс ауғанша ұйықтап енесіне дік-дік етіп жатады.

Осыдан шығар қорытынды: барынша қарапайым болыңдар қыздар. Ең маңыздысы - əдемі дене, бет пішіні емес, иман. Өзі адал адамға үнемі Құдай жолын оңдап, олжаға кенелтіп, жақсы бір адаммен жолықтырады. Бай жігітті қарату үшін олар үшін құрбан болмаңыздар, ол өзі жүрегіңізді жаулаймын деп құрақ ұшсын. Өсіңіз, жетіліңіз, рухани əлеміңізді байытыңыз, сонда бойдақ жігіттің жүрегін жаулап, келін боларыңыз анық.