Weekend
Өлең
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСәби жатыр бесікте шырылдаған,
Қарны ашқан ба, дауысы қырылдаған?
Жан-жағында елерлік еш пенде жоқ,
Ана жүрегі қалайша ұғынбаған.
Жер-әлемге естіліп сәби үні,
Тау, табиғат, теректер аңыраған.
Мойынындағы қарғысын жұлқылап тұр,
Байлаудағы қара ит абалаған.
Сәби жатыр бесікте зар жылаған...
Біраздан соң бөлмеге ана кірді,
Бесіктегі сәбиге бір қарады.
–Еш қимылсыз қалайша сәби жатыр,
Жыламады, тіпті сүт сұрамады.
Мүмкін қарны тоқ шығар деген оймен,
Бесіктегі сәбиді қолына алды.
Сәби салқын денесін қарып барат,
Сәби емес, құдды ана мұз құшқандай.
Құр босқа қарағанмен қандай пайда,
Ұялыға үңіліп жатқанда ана,
Құлаққапты құлаққа ілгенде ана,
Сәбиінің зарлы үнін естіместен,
Бейқам оймен төсекте жатқанда ана...
Ұялыға телміріп құл болғанның,
Нәтижесін көрсетті Хақ Тағала.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61