Денсаулық
Ақ халатты абзал жан
АҚШ-тан келген білікті мамандар Түркістан облысының дәрігерлеріне шұғыл жағдайда медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Бұл тәжірибе алмасу шарасы №2 облыстық перинаталдық орталығы мен Ордабасы аудандық аурухана базасында ұйымдастырылды. Науқастың жүрек қағысын қалпында ұстап, дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетудің қыр-сырымен бөліскен танымал сарапшы II Ричард Чарльс Уилкинсонның бөлісетін тәжірибесі көп. Өз ісінің үздігі жедел медициналық көмек, жетілдірілген және тактикалық шұғыл медициналық көмек саласындағы кәсіби маман. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының шақыртуымен үздік жаттықтырушы өңірге осымен екінші рет келіп отыр.
Бұл шараны "International Medical Exchange" коммерциялық емес ұйымының директоры Нұргүл Салиева-Шмит қолдауда. Жүрек тоқтап қалып, адам өміріне қауіп төнген жағдайда дереу құтқарып қалу медицина қызметкерлеріне артылған үлкен жауапкершілік. Шеберлік шыңдаған облыс дәрігерлеріне нәтижесі бойынша біліктілік арттырғандары туралы сертификаттар табысталды.