Саясат
«Орыс әлемін» қорғау жоспары 22 қарашада тыңдалымнан өтпек
Ресейдің Мемдумасы 22 қараша күні орыстардың шетелде құқығының қорғалу мәселесі бойынша арнайы жоспарды тыңдалымнан өткізбек. Аталмыш баяндама Адам құқығы бойынша Мәскеу бюросымен дайындалып шықты.
Баяндамада ресейшілдердің тілдік, діни қысымға ұшырау мәселесі бірінші болып көтерілмек.
- Арнайы бөлім ретінде Ресей паспорттарын алған Донбасс халқына жасалынған қысымды қарастырамыз, - дейді депутаттар. Құқық қорғаушылар орыстар мен ресейшіл топтарды қорғаудың бірден-бір жолы шетелдегі ҮЕҰ-дарды қаржылай қолдау болып табылады деуді алға тартуда.
Баяндаманы Мемлекеттік Думада тыңдағаннан кейін, оны Ресей президентіне, ағылшын тіліне аударып БҰҰ, ЕО-қа жіберу көзделіп отыр.
Баяндамада тілдік тұрғыдан орыстарды жаппай қысымға алу мәселесі айтылған. Сонымен қатар діни қысымның да барлығы тілге тиек етілген.
Тарихи шындықты бұрмалап, ескерткіштерді қирату Мәскеуді қорлау ретінде қарастырылатыны анық жазылған.
- Кей елдерді антиресейлік әрекеттер мен идеологиялары кей жағдайда жабайылық деңгейіне жеткен. Бұл қарсы әрекетті тудырары сөзсіз, – делінген баяндамада.