Weekend
Қасқыр мен Қоянның «достығы» 26 сериядан тұрады
«Союзмультфильм» киностудиясы «Ну, Погоди» мультфильмінің жаңа серияларын дайындау туралы хабарлады. Биыл хикая кейіпкерлері 50 жасқа толды.
«Союзмультфильм» киностудиясының басқарма төрағасы Юлиана Слащева «Интерфакске» 26 сериялы мультфильм түсіріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлады. Бірінші серияны 2020 жылдың жазында көруге болады.
Мультфильмнің алғашқы сериясы 1969 жылдың 6 мамырында жарық көрді. Сериалдың режиссері Вячеслав Котеночкин болды. Түсірген серияның саны - 22.
Қасқырдың рөлін Анатолий Папанов, ал қоянды Клара Румянцева сомдады.