Саясат
Сириядағы жағдай өзгеше
"Сирияның солтүстігінде федерализация туралы арабтармен ғана сөйлесе аламыз, өйткені бұл аймақтарда күрдтер көп емес" деді Сирия президенті Башар Асад РИА Новостиге берген сұхбатында.
Сирия президентінің айтуынша, «Сирияда күрдтердің көпшілігі ондаған жылдар бойы тыныш, бейжай өмір сүрген еді» және сепаратистік идеяларды кейбір саяси радикалды топтар ғана алға тартып отырған-ды.
- Кейбір идеялар федерализация және күрдтердің автономды басқаруымен байланысты. Менің айтқанымдай, Сирияның солтүстік-шығысы – бұл араб аймағы. Егер кімде-кім федерализация туралы сөйлейтін болса, онда олар тек арабтар ғана, өйткені олар бұл жерде көпшілік. Бұл анық, - деді Асад.
Ол Сириядағы жағдай Ирактың солтүстігі мен Түркияның оңтүстік-шығысындағы жағдайдан өзгеше екендігін атап өтті.
Сирияның солтүстік-шығысындағы медициналық мекемелер соғыс қимылдары жағдайында қалыпты жұмыс істей алмайды, олардың кейбіреулері қирп қалған. Нәтижесінде Евфрат аймағы бірден бірнеше аурудың ошағына айналды.