Hi-Tech

«Википедияның» негізін қалаушы Facebook-ке бәсекелес болатын әлеуметтік желіні іске қосты

Википедияның бизнес үлгісіне ұқсайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Википедияның» негізін қалаушы Джимми Уэйлс Facebook пен Twitter-ге бәсекелес болуы тиіс әлеуметтік желіні іске қосты, деп хабарлайды Financial Times.

Уэйлстің мәлімдеуінше, 2019 жылы қазанда іске қосылған WT:Social әлеуметтік желісі жарнамадан және «мағынасыз кликбейттардан» босатылады.

Жаңа әлеуметтік желі қолданушыларға мақалаларға сілтемелер алмасуға және жаңалықтар лентасында талқылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, платформадағы барлық контент өңдеу үшін ашық, ал модераторлар - пайдаланушылардың өздері болады.

Қазіргі уақытта жаңа әлеуметтік желіні 50 мың адам қолдануда, бірақ Уэльс 500 миллион қолданушы болатынын жариялады.