Экономика

Ұлттық валютаға өзінің портреті салынған нұсқаны Елбасы қабылдамаған

Бүгін - Ұлттық валюта күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін еліміз 15-қараша күні Ұлттық валюта күнін атап өтуде. Қазақстан 1993 жылға дейін рубльдік жүйеде болып, тәуелсіз экономикалық саясат жүргізе алмады. 

Алайда 1992 жылы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың құпия тапсырмасы бойынша, жеті адамнан құралған арнайы комиссия ұлттық валюта енгізу мен оны жасап шығару жұмысы бойынша іске кіріскен болатын. Елбасының "ХХІ ғасыр тоғысында" атты кітабында ұлттық валютаны енгізуге қатысты тың ақпараттар жетерлік.

Ұлттық валютаны жасаушы топтың әрбір мүшесінен құпияны жарияламау туралы қолхат алынған. Валюта дизайнін суретші Тимур Сүлейменов бастаған топ жасап шығуға тиіс болды. Ұлттық теңгені жасау үлкен жұмыстармен қатар, қызықты сәттерге де толы болған. Бір суретші президенттің портреті салынған валютаны ұсынған сәтте, Елбасы ол нұсқаны бірден жарамсыз деп тауып, қабылдамағаны кітапта жазылған. 

Алғашқы валютада ұлы бабаларымыздың суреттерін салынып, артқы бетіне табиғи саябақтар мен еліміздің көрікті жерлері бейнеленді.