Weekend
Жастар жылы
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЕлбасы Н.Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Себебі еліміздің болашағы - жастарға айрықша көңіл бөліп, Жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды. Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес.
«Жастар жылы дегенді қалай түсінеміз, оның мақсаты не, не жасалуы керек, жастардың бүгінгі бетпе-бет келіп отырған мәселесі қандай?» деген сұрақтар бойынша терең зерттеу жүргізіліп, оны саралап, нақты істелу керек жұмыстардың тізімін жасалынды. Дәлірегінде, қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастарға кең мүмкіндік берілді. Сондықтан да нақты ұсыныстар қабылданып, жастардың жан-жанқы көмекке ие болуын қамтамасыз еткен жөн. Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендетуге байланысты іс-шаралар қолға алынып, нақты нәтижеге қол жеткізуін қадағаласақ, құба-құп. Бүгінде 35 жасқа дейінгі жастардың көбінің басында не баспанасы, не тұрақты жұмысы жоқ. Ауылдан қалаға жұмыс іздеп келген кейбір жастардың тауы шағылып, түрлі қылмыстық әрекеттерге бой алдырып жататыны да жасырын емес.
Елбасының «бес бастамасы» аясында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жайы көтерілген болатын. Осы бастаманың нәтижесінде Алматы, Нұр-сұлтан, Атырау, т.б. ірі қалаларда студенттік жатақханалар бой көтеріп, алғашқылары пайдалануға берілді. Алайда бұл студенттік баспанаға мұқтаж 101 мыңнан аса студенттің мәселесін шеше ала ма? Бұл мәселені де түпкілікті шешу үшін жергілікті әкімдіктер қажырлы жұмыс жасаса игі іс болар еді.
Тағы бір мәселе - жас мамандарға шалғайдағы елді мекендерде жұмыс істеу үшін тиісті жағдай жасау. Жыл сайын қаншама маман оқу орнын бітіріп, қолына дипломын алады. Алайда солардың ішінде ауылын, туған жерін көркейтуге, өсіруге үлес қосатындары сирек.
- Мен жас ұрпақ үшін тиімді әлеуметтік лифтілер құру және өз бетінше өмір сүруге, ынталы еңбекке дағдылану жүйесін қалыптастыру қажеттілігіне ерекше тоқталдым, - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзі айтқан болатын.
Қазақта "Жас келсе - іске" деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, Жастар жылы - жастарға арналуы керек. 2019 жылы жалаң сөз, жаттаңды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай!
А.Есекеева
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің
аға оқытушысы, құқық магистрі
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61