Саясат

Қырғызстанда Атамбаевтың соты 29 қарашаға ауыстырылды

Атамбаев сотқа барудан бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Бішкектегі сот Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев өтіп жатқан іс бойынша сот процесін 29 қарашаға дейін қалдыруға шешім қабылдады" деп мәлімдеді бұрынғы мемлекет басшысының қорғаушысы Сергей Слесарев.

Сотталушылардың бірінің сырқатына байланысты және Атамбаевтың сотқа келуден бас тартуына байланысты процесс 29 қараша күні сағат 15.00-ге дейін кейінге қалдырылды.

Естеріңізге сала кетсек, Атамбаевты бұрынғы президент мәртебесінен айырып, ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаған болатын.