Bugin

Биыл Қазақстаннан 34 мыңнан аса адам көшіп кеткен

Оның 30 мыңы Ресейге кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстаннан 34,2 мың адам көшіп кеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,3 пайыз артық. Яғни, жыл сайын шетелге кетіп жатқан азаматтардың саны артып барады.

Сондай-ақ осы уақыт ішінде Қазақстанға көшіп келгендердің саны – 8 мың. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,4 пайыз аз. 

2019 жылдың тоғыз айында 30,4 мың адам Ресейге көшіп кеткен. Ал ол жақтан 2,2 мың адам келген. Қазақстандықтар жаппай көшіп жатқан екінші ел - Германия. Ол жаққа 2,1 мың адам кеткен. Үшінші орында - Беларусь (297 адам).

Сондай-ақ, бестікте Өзбекстан мен АҚШ бар, бұл елдерге 220 және 190 адам көшкен.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61