Weekend
Мейрам туралы не білеміз?
Халықаралық студенттер күні жыл сайын 17 қарашада аталып өтеді. Ол 1941 жылы Лондон қаласында халықаралық студенттердің фашизмге қарсы күрес жиналысында құрылған, бірақ 1946 жылдан бастап тойлана бастады.
Бұл мереке жастармен байланысты болғандықтан көңілді аталып өтеді, алайда бастауын Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Чехословакиядағы қайғылы оқиғалардан алған.
1939 жылы 28 қазанда нацистер жаулап алған Чехословакияда Прага студенттері мен олардың оқытушылары Чехословакия мемлекетінің құрылуының мерейтойына арналған демонстрацияға шықты (1918 жылғы 28 қазанда құрылған). Мейрамдатушыларды тарқатып жіберді, осы кезде медицина факультетінің студенті Ян Оппетал атып өлтіріледі.
1939 жылы 15 қарашада Ян Оплеталаны жерлеу рәсімінде қайтадан наразылық толқыны туған. Ондаған демонстрант қамауға алынды. 17 қарашада жатақхана қоршауға алынып, 1200-ден астам студент Заксенхаузендегі концлагерге қамауға алынды. Сонымен қатар, Рузине жерінде тоғыз активистті сот үкімінсіз өлім жазасына ұшырады. Гитлердің бұйрығымен бүкіл Чехияның жоғары оқу орындары соғыстың соңына дейін жабық болған.
Халықаралық студенттер күні - 1946 жылдан бастап жыл сайын аталып келе жатқан мейрамдардың бірі.
Бүгінгі күні студенттер күні әлемнің көптеген елдерінде аталып өтіледі және бұл күнді атап өтуге арналған бағдарламалар түрлі болғанымен, студенттер арасында танымал мейрам. Шулы және көптен күткен мерекеден бірде-бір университет тыс қалмауға тырысады. Бұл күн бейбітшілік және достыққа арналған Халықаралық студенттер апталығының алдында өтеді, яғни, 10-17 қараша аралығында.