Саясат
Енді елдегі екінші үлкен ГЭС-ті орыс әскерлері күзетпек
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСирияның Алеппо провинциясындағы екінші үлкен «Тишрин» су электр станциясы үкіметтің бақылауына алынды деп хабарлайды РИА Новости.
Ефраттың бойында салынған, Алепподан 90 шақырым жерде жатқан «Тишрин» ГЭС-ін, шамамен, 20 жыл бұрын ресей және сирия инженерлері бірлесіп тұрғызған болатын. Азамат соғысы кезінде оны ИМ (Қазақстанда тыйым салынған) содырлары басып алып, ұзақ уақыт бойы басқарып келді. Қазіргі уақытта ол Ракка және Алеппо провинцияларына электр энергиясын жеткізеді.
Алеппо провинциясын электрмен жабдықтау – елдің экономикалық және өндірістік орталығы үшін өте маңызды. Қазір Сирия билігі оны қалпына келтіруде. ГЭС қуаттылығы шамамен 630 мегаватт, ол Евфратта Эль-Асад су қоймасының жоғарғы жағында орналасқан. Дүйсенбіден бастап Ресей әскери полициясы осы стратегиялық маңызды нысанның айналасында күзет жүргізе бастайды.
Қарашаның ортасында Ракка провинциясындағы Эт-Табка қаласындағы елдегі ең ірі ГЭС үкіметтік күштердің бақылауына өткен болатын.