Bugin
Жақсы кітап оқу - ақылды адаммен сырласқанмен тең
Қазіргі таңда Кеңес үкіметі кезіндегідей емес, кітап оқитын адам саны аз.
Сондықтан да моральдық жағынан ол қоғам әлде қайда жоғары болған шығар. Дегенмен ол кезде адамдарға тек тәрбиелік мәні зор, қатаң цензурамен тексерілген кітаптарды оқуға болды. Сол себепті адамдар санасы ой еркіндігіне жете алмады.
Ал қазір кітаптің небір түрі бар: қазақша, орысша, ағылшынша. Кітап сөрелері толып тұр. Бірақ кітаптардың сыртқы мұқабасының жылтырлығы мен атына көп мән берілетін секілді. Түк мән-мағынасы жоқ,сырты бүтін, іші түтін журналдардан, енді кітапқа да көшкен бе?
Ең маңыздысы кітаптің ішкі мазмұны емес пе? Қазіргі таңдағы ғаламтор,компьютер, теледидарлап кітап оқуға үлкен кедергі келтіреді. Қазақтың бай тілі, көркем әдебиетінде. Жас ұрпақ ғаламторға емес,қазақ тілінде жазылған,мән-мағынасы зор кітап оқуға құмар болуы керек. Осыны естен шығармағанымыз абзал!