Саясат
Қандай шешім қабылданды?
"Директор, құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, вахтер мен мұғалім қызметінен босатылды. Ата-аналар талап қойды. Сондықтан осындай шешім қабылданды", - деді Талғат Жамалов.
Директордың өзге орынбасары директор міндетін атқаратын болады. Зардап шеккен қыз үйінде оқиды.
"Бала медициналық, психологиялық көмек алып жатыр. Ол кейін мектепке оралады. Егер қаласа, басқа мектепке ауыса алады", - деді жетекші орынбасары.
Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.
"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету білім мекемесінің міндеті ", - деді білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта әйелдер мен балаларды зорлауға қатысты жазаны күшейту заңына өзгеріс енгізіліп, құжат мәжіліске жолданды. Құжатты бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірге әзірлеген.
Дәретханадағы зорлау
Бұл жағдай туралы жақында белгілі болды. 7-сынып оқушысын Тараз мектебінің аумағында зорлады.
Мектеп дәретханасы дұрыс жұмыс істемеген және бөтен адамға ешкім назар аудармаған. Ата-аналар бұл үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті.
Кейін ұсталған адамның бұрын ұрлық үшін істі болған 38 жастағы тұрғын екені анықталды.