Саясат

Ирактың шенеуніктері барлық жеңілдіктен айырылды

Жеке күзеттен, медициналық қызмет көрсетуден, жәрдемақыдан айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ирак парламенті шенеуніктерге берілген барлық жеңілдікті алып тастайтын заңды қабылдады, деп хабарлайды Baghdad Al Yaum.

Бұл заң сонымен қатар заң шығарушы, атқарушы және сот органдарының басшыларын да қамтиды. Атап айтқанда, құжатта шенеуніктердің жеке күзеттен, медициналық қызметтен, кейбір жәрдемақылардан айырылғаны айтылған.  

Парламентте мұндай шара бюджет шығындарын 25%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді деп санайды.