Woman

Цифрлы тәрбиеші немесе жаңа технологияның біз білмеген зияны

Мәліметтің көптігі баланың дамуын тежейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Аз білгеннің ұйқысы тыныш болады» деп орыс халқы бекер айтпаса керек, жаратылыс заңдылығы бойынша адамға өте көп мәліметтің қажеті жоқ. Мидың жұмыс жасау механизмі келіп түскен мәліметтің 98%-ын «лақтырып» тастап, тек қана 2%-ын ғана қалтырады. Мидың назар аудару механизмі шамадан тыс мәліметтің керексізін бірден сүзгіден өткізеді. Балалар экранға қарап отырған кезде, олардың миы ақпараттың  2%-ын ғана қалтыру үшін, артық ақпараттан қорғану қызметін іске қосады. Ал ми үнемі ақпараттан қорғануға мәжбүр болғандықтан, оның даму процесі тежеледі. Өрт сөндіру шлангысынанан су қалай атқыласа, экран да баланың миына ақпаратты сондай қарқынмен жібереді. Бір сөзбен айтсақ, бала экранның алдында отырған сайын оның миының дамуы баяулай береді.

Бұрындары миды ақпаратты өңдейтін компьютердің процессорына ұқсататын. Ал қазір мидың жұмыс істеу режимі мүлдем басқаша екені анықталды. Ми мәселелерді шешуге жаратылған. Мидағы нейрондық жолдар әртүрлі мәселелерді шешу кезінде пайда болады. Ми алфавит пен сандарды жаттаған кезде дамымайды, ол өзінің дамуына керекті мәліметті ғана өңдеуден өткізеді. Ми ақпарат алған кезде емес, оны қолданып, түрлендірген кезде дамиды.

Ойын ойнаған баланың миында нейрондар жетіліп, болашақта білім алуына пайдасын тигізеді.  Еркін ойнағане бала үнемі жоқтан бар құрастырып, миын қолданады, яғни шынайы ойын баланың қиялын дамытады. Сәйкесінше, баланың миы жақсы дамуын қаласақ, емін-еркін ойнауына кедергі келтірмеу керек. Балаңыздың мектепте оқуда алғыр болғанын қаласаңыз мектепке дейін көбірек ойнатыңыз.

Сонымен қатар, ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың экранның алдында көп отыруы олардың сөйлеу қабілетінің дамуына да кері әсерін анықтаған. Баланың тілі шыққан соң, ол айналасымен байланыс құра алмаса, қалайша тілі дамиды?!

 

Жоғарыда айтылған мысалдар сандық құрылғылардың балаға тигізер зиянының кең таралған мысалдары ғана. Ал біз білмейтін басқа қаншама зарары болғанын смартфонды өндіруші компаниялар ғана білетін шығар. Сондықтан, балаға смартфонды бермес бұрын оның балаға тигізер орны толмас зияны туралы ойланғанымыз жөн болады.