Weekend

Nur

Қытай – фотосуретшілер көзімен

Қытай - мәдени нысандардың отаны

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының 5 жылдығына орай Қазақстандағы ҚХР Елшілігі мен ҚР Ұлттық музейі бірлесесіп, «Қытай қазақстандықтар көзімен» фотокөрмесін ұйымдастырған болатын.

Тағдыр қатарласа өмір сүріп, көршілік байланыста болуды жазған қазақ пен қытай халқының сонау көне замандар қойнауынан бастау алатын ұзақ тарихи достық қарым-қатынасы бар.

Жалпы қытай дегенде көз алдымызға құжынаған халық елестей бастайды. Себебі бәріміз Қытайда халық саны көп екендігін білеміз, алайда "Қытайда басқа ерекше не бар? деген сауалға мән беріп көрмегенбіз. Негізі Қытай – тарихи, сәулеттік, мәдени орындардың отаны. 1985 жылдан бері Қытай ЮНЕСКО-мен бірлесе отырып, осы тарихи ескерткіштерді қорғау шараларын атқарып келеді. Мұнда мемлекет қорғауындағы 119 табиғи аймақ бар. Бүгінде көрші ел өзінің халқы көп қалаларымен, керемет жолдарымен және дамыған ішкі туризмімен де әлемнің назарын аударып отыр.

Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының 5 жылдығына орай Қазақстандағы ҚХР Елшілігі мен ҚР Ұлттық музейі бірлесесіп, «Қытай қазақстандықтар көзімен» фотокөрмесін ұйымдастырған болатын. Шара мақсаты – Қытай-Қазақстан халқы арасындағы өзара түсіністік пен достық дәстүрін, мәдени қарым-қатынасын одан әрі күшейту. Байқауға 100-ден астам адам қатысып, 700-ден артық жұмыс ұсынылған. Солардың арасынан ең үздік деп танылған 100 фотосурет аталған көрмеге қойылды. Арада бір жыл өткен соң, яғни, 2019-дың 17-24 қазаны аралығында Қазақстандағы Қытай Елшілігі осы фотобайқау жеңімпаздарын Қытайдың әсем жерлерін көзбен көріп, Қытай мәдениетімен танысып қайтуы үшін Бейжің, Шанхай және Чэнду қалаларына арнайы саяхат ұйымдастырды.

Сапарда делегация алдымен Шанхай қаласында болып, онда ҚХКП-ның 1-ші Бүкілқытайлық конгресінің мұражайын, Қытай Ұлттық музейінің қайта өркендеу көрмесін аралап, Қытай коммунистік партиясының дамуының ұлы тарихымен танысып, ҚХКП құрылғаннан бергі 70 жыл ішіндегі үлкен жетістіктеріне көз жеткізді. 24 млн-нан астам халқы бар Шанхай – машина жасау, қара метеллургия, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары шоғырланған, көптеген мұражай, театр орналасқан Қытайдағы ең ежелгі қалалардың бірі. Оны Шығыстың Нью-Йоркі немесе Шығыстың Парижі, Азияның Венециясы, Қытайдың Чикагосы деп атайтындар жетерлік.

Фотосуретшілер мен журналистерден құралған топ Шанхайдан соң Чэнду қаласында болды. Чэнду – Қытайдың ең үлкен провинциясы Сы Чуаньның орталығы. Тау етегінде ораналасқан қала – қытайдың ұлттық байлығы саналатын пандалардың мекені. Көнеден келе жатқан шаһар – тарихи-мәдени тұрғыдан тамырын тереңге тартқан. Мұнда делегация ірі пандаларды өсіру және зерттеу базасында болып, Дужянянь бөгеттерімен танысып қайтты. Жалпы. Қаланың географиялық орналасуының өзі оның қарқынды дамуына қолайлы жағдай туғызып отырған көрінеді. Бұл қалада Чэнду халықаралық теміржол бекеті орналасқан. Бекет арқылы Қытай тауары әлемнің түкпір-түкпіріне тарайды.

Соңғы аялдама Бейжің қаласы болды. Бейжіңде қазақстандықтар ұлы Қытай қорғанында, сондай-ақ, маңызды тарихи орынның бірі – Жабық қалаға саяхат жасады. Бұл қалада кезінде Қытайдың императорларының резиденциясы болған. Қытай билеушілері осы қалада тұрып, халықты басқарып, өздерінің бұйрық-жарлықтарын шығарған. Бейжіңнің Тянь-аньмэнь алаңында орналасқан Жабық қаланы қытай халқы «Аспан асты елінің қақпасы» деп те атайды.

Делегация мүшелері ҚХР-ның инновациялық дамуын Шанхайдағы ғылым-технология мұражайы, Шанхай тарихының даму мұражайы және Бейжіңнің жоспарлы көрме орталығын аралау барысында анық байқап, көршілердің ғылым-технологиясының зор жетістігін жоғары бағалады. Олар фотоаппарттарымен көзбен көрген әдемі көріністерді, қайталанбас сәттерді естелікке алып, қытай мәдениетімен, тарихымен, архитектурасымен, ғылым-техникасымен танысып, көрші елдің ғажайыптарына таңдана түсті.

Сапарда болғандар осындай қызыққа толы кездерді бастан кешіруге жағдай жасап, әсерлі де танымдық маңызы зор саяхатты ұйымдастырған ҚХР-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас елшілігіне ризашылық білдіреді.Көрші елдер достық қарым-қатынасының алдағы уақытта одан сайын жалғасын тауып, әр салада өркендей беретініне сенім мол!